Ағымдағы жылдың 8 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы базасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды автомобиль көлігімен (инватакси) тасымалдау мәселесі бойынша жиналыс өтті.
Жиналыстың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауды ұйымдастыру қызметін жетілдіру.
Жиналысқа Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының "Nur Otan" партиясы фракциясы басшысы, мәслихат депутаттары, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысы, сондай-ақ қалалық үкіметтік емемс ұйымдарының өкілдері қатысты.