Ағымдағы жылдың 23 маусымында «Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының» базасында, алғашқы рет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған "Ашық есік күні" өтті.
Аталған шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының мамандары іс-сапарға жіберілді.
Ашық есік күнінің мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған қызметтер мен қолданыстағы бағдарламалар,жобалар туралы хабардар ету.
Орталық мамандары азаматарға, Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс істеу, санаторлы-курорттық емделу сынды әлеуметтік маңызы бар сұрақтар бойынша кеңес берді.