Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» басшысы Нұрғожина Сәуле Ордабайқызы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Болатқызы Закиеваны «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысымен таныстырды.
Іс-сапар барысында отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелік шараларды жүзеге асырып жүрген депутат Орталық жұмысына, ақпараттық жүйе қызметіне жоғары баға берді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Динара Болатқызы, жағдайы төмен отбасындағы балалардың өміріне алаңдап, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдерге қолдау көрсету, қайырымдылық жасау сынды мәселелерді талқылап, алдағы уақытта әлеуметтік салада Нұр-Сұлтан қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» басшысы Нұрғожина Сәуле Ордабайқызымен бірлесіп атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.