Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Балталыұлы Байжановтың азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.
Азаматтарды қабылдау кезінде абаттандыру,«ПИК» мәселесі және әлеуметтік бағыттағы сұрақтар қарастырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімі, әкім орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның жұма күні сағат 15.00 өткізіледі.
Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.