Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде «Құрбан айт» мерекесінің қарсаңында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы және «Аманжол-М» ЖШС тұрмыстық химиясы бар себеттер түрінде қайырымдылық көмек тарату акциясын өткізді.
Айт мерекесінде игі амалдар жасау адамның бір-біріне деген жылылығын арттырып, сыйластықтарын жақсарта түседі. Имандылықтың артуына да септігін тигізеді.
Сондықтан, қоғамда Құрбан айт секілді ізгілік пен мейірім мерекесінің қадірін арттыруға барша азаматтар ат салысқаны игі.