Ағымдағы жылдың 10 тамызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі Есет Берікұлы Байкеннің азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.
Азаматтарды қабылдау барысында, абаттандыру, жерге құжаттарды ресімдеу және тұрғындардың жеке мәселелері қарастырылған болатын.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының азаматтарды қабылдауы әр сейсенбі күні сағат 16:00-де жүргізіледі.
Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.