Ағымдағы жылдың 27-ші тамызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Арайлым Тілеуханқызы Елімсаринаның азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.
Азаматтарды қабылдау барысында АӘК, материалдық көмек көрсету және тағы басқа әлеуметтік бағыттағы сұрақтар қарастырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімі, әкімнің орынбасарларымен азаматтарды қабылдау жұма сайын сағат 11:00-де жүргізіледі.
Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.