Астана қаласы «Жанұя» 

Отбасы институтын қолдау орталығы

 

Жаңалықтар мұрағаты

Нұр-Сұлтан қаласының сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары және эскиздік жобалар мен сыртқы жарнаманы қарастыру бөлімінің басшысы азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Назымбек Әміржанұлы Кенжебаев және эскиздік жобалар мен сыртқы жарнаманы қарастыру бөлімінің басшысы Смағұлов Аян Асқарұлы азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдау барысында ғимараттың сәулеттік жоспары, сәулеттік жобаны келісу, жер қатынастары сияқты мәселелер қаралды.

Нұр-Сұлтан қаласының сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның сәрсенбі күні сағат 11:00 өткізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Байланыс

ҚР, Астана ., Бейбітшілік к., 14

Жаңалықтарға жазылу

Біздің орталықтың соңғы жаңалықтары туралы хабардар болыңыз