Ағымдағы жылдың 1 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Бүрлібаев Санжар Тасқынбайұлы азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.
Азаматтарды қабылдау кезінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және басқа да әлеуметтік бағыттағы сұрақтар қарастырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімі, әкім орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның жұма күні сағат 15.00 өткізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.