Астана қаласы «Жанұя» 

Отбасы институтын қолдау орталығы

 

Жаңалықтар мұрағаты

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қайырымдылық акциясы өтті

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесі мен Қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық Кеңес төрағасы Дженалаева Салтанат Мухамбетпанақызы бастамасы бойынша қайырымдылық акциясы өткізілді.

Ұйымдастырушылар іс-шараға қатысушы отбасыларды келе жатқан мерекемен құттықтаудан бастап, елімізге молшылық тілеп, «Жанұя» орталығына акция ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдірді.

Іс-шара Е.Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармонияның» әншісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Әбілданың музыкалық нөмірі және «Шалқыма» би ансамблінің би шашуымен жалғасып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратумен аяқталды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091

Байланыс

ҚР, Астана ., Бейбітшілік к., 14

Жаңалықтарға жазылу

Біздің орталықтың соңғы жаңалықтары туралы хабардар болыңыз