Астана қаласы «Жанұя» 

Отбасы институтын қолдау орталығы

 

Жаңалықтар мұрағаты

Психологиялық көмек көрсету бөлімі алғаш рет ұзақ мерзімді жеке психологиялық терапияда жүрген қызметалушылармен топтық форматта тренинг өткізді.

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының психологиялық көмек көрсету бөлімінің маманы Гаухар Аскерова және практикант Серік Меруерт алғаш рет ұзақ мерзімді жеке психологиялық терапияда жүрген қызметалушылармен топтық форматта тренинг өткізді.


Тренинг мақсаты - өзіңді жақын танып білу, өзіңді таныстыра білу, өмірлік басымдықтарды анықтау мен топбен бірігіп жұмыс жасау.

Тренинг барысында арнайы мотивациялық техникалар, өнерлік жұмыс пен дене практикасы, би терапиясы сияқты тапсырмалар арқылы ұжымды біріктіру бойынша тиімді жұмыстар жасалды. Тренингке қатысушылар дененің энергетикалық деңгейін арттырды, медитация практикасы арқылы ішкі жағдайды теңестірді. Нәтижесінде қатысушылар алғыс білдіріп, оң пікірлерімен, естелік ретінде топтық суретпен бөлісті!
———————————————

Байланыс

ҚР, Астана ., Бейбітшілік к., 14

Жаңалықтарға жазылу

Біздің орталықтың соңғы жаңалықтары туралы хабардар болыңыз