Астана қаласы «Жанұя» 

Отбасы институтын қолдау орталығы

 

Жаңалықтар мұрағаты

«Жанұя» орталығының директоры «Отбасы және қоғамның өзекті мәселелері. Ата-аналар қауымымен жұмыс жасаудың басым бағыттары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

Қайырлы күн,достар! Кеше мен Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Асима Бимендинаның ұйымдастыруымен «Отбасы және қоғамның өзекті мәселелері. Ата-аналар қауымымен жұмыс жасаудың басым бағыттары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатыстым.
Аталмыш іс-шарада өткен 2022 жылдың желтоқсан айында ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі, отбасылық қатынастардағы проблемаларды анықтау мақсатында өткізілген сауалнама қорытындылары талқыланды. Елорданың 40 мектебін қамтыған әрі қатысушылар саны 30 мыңнан асып жығылған сауалнаманың алдағы уақытта ата-аналар мен балалардың өзекті проблемаларының шешілуіне әкеледі деп ойлаймын.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасысының орынбасары Э.С Паули, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қ.С Сенғазиев, Астана қаласының Адам құқықтары жөніндегі уәкіл М.Т Ғалиев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагогтар, психологтар, ата-аналар қауымы қатысты. Модератор ретінде Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Бимендина Асима сөз сөйледі.

Байланыс

ҚР, Астана ., Бейбітшілік к., 14

Жаңалықтарға жазылу

Біздің орталықтың соңғы жаңалықтары туралы хабардар болыңыз