📣 Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілі Серікбаев Нұрхан Жандосұлы азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.
✅Азаматтарды қабылдау кезінде жерді жалға алу, ғимарат сәулетін келісу, тұрғын үй-жай жоспарын өзгерту сынды сұрақтар қаралды.
Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 11:00 өткізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27–23-23, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар